«Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нде ағымдағы жылдың 11 маусымында «Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілді.
Қызметтің негізгі бағыттары бойынша талдау қорытындылары, сондай-ақ анықталған ұйымдастырушылық және рәсімдік тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар ұсынылды.
Талдау нәтижелері бойынша жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері жоқ. Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік орган жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.