«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де ағымдағы жылдың 11 маусымында 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңі үшін мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.
Талқылау барысында қызметтің негізгі бағыттары бойынша жүргізілген талдау қорытындылары, сондай-ақ анықталған ұйымдастырушылық және рәсімдік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралар ұсынылды.
Талдау нәтижелері бойынша жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары фактілері тіркелмеді. Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік мекеме қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.