«Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі нәтижелер мен әзірленген ұсынымдарды ашық жария талқылауға қатысуға бөлім мамандары, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылады.
Қоғамдық талқылау 2026 жылдың 11 маусымында (бейсенбі) сағат 15:30-да офлайн форматта өтеді.
Өтетін орны: Қарабалық ауданы әкімі аппаратының ғимараты, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31 үй, 1 қабат, 109 кабинет.