Хабарландыру мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі нәтижелер мен әзірленген ұсынымдарды ашық жария талқылауға қатысуға жұмыс тобының мүшелері, Қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылады.

Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 11:00-де офлайн форматта өтеді.

Өтетін орны: Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 16 үй, 1 қабат, "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесі.