
«Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша әзірленген ұсынымдар мен нәтижелерді ашық жария талқылауға қатысуға жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңестің мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылады.
Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 15:00 офлайн форматта өтеді.
Өткізу орны: Қарабалық ауданы әкімі аппаратының ғимараты, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31 үй, 3 қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.