«Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні»

«Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні»

Ағымдағы жылдың 20 мамырында сағат 11-00 – де кәсіпкерлік және салық саласына баса назар аудара отырып,  "көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай күні" өтті.

Іс-шара барысында азаматтар  мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттандыру, қолданыстағы рәсімдерді түсіндіру, сондай-ақ оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ескертулерді жинау мәселелері бойынша қызмет көрсетуші органдардан кеңестер мен түсіндірмелер алды.

«Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні» мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, халықты ақпараттандыру, бір жерде кеңес беру мақсатында өткізіледі.

Келесі осындай іс-шараны денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізу жоспарлануда.