Қызылшаның алдын алу

Қызылшаның алдын алу

Қызылша – ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру.

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас:

  • дене температурасының жоғарылауы;
  • жөтел;
  • аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болады.

Қызылша асқынулармен қауіпті:

  • энцефалит;
  • пневмония;
  • отит.

Қызылшаны алдын алудың жалғыз сенімді құралы – уақытылы вакцинация жасау.

  • вакцинациялау 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі;
  • вакцинациялау арқылы – балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғайсыз.

Қазақстанда қызылшаға қарсы ДДҰ сертификатталған қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады.