Үйірлішегірткелер - Итальяндық прус

Үйірлішегірткелер - Итальяндық прус

ИТАЛЬЯН ПРУСЫ, итальяндық шегіртке, кәдімгі немесе оазис прусы (Calliptamus italicus L.). Қазақстанда кең таралған, бірақ ең үлкен шоғырлары солтүстік және батыс Қазақстанда болады. Қазақстанның далалық және шөлдік аймақтарының астықты-жусанды, жиі құмды далалық алқаптарын мекендейді. Беде, мақта, күнбағыс, көкөніс дақылдары мен астықты дақылдарды зақымдайды.

Ересек жәндік (имаго) орташа дене өлшеміне ие, аналықтары аталықтарынан екі есе үлкен (аталықтардың дене ұзындығы – 14,5-28,7 мм, аналықтардың – 21,9-41,6 мм). Түсі алуан түрлі. Қоңырқай-сұр, сұр-қоңырқай, сирек жарық және ақшыл түстер басым. Кеуде бөлімінде аяқтарының арасында доғал өсінді болады. Қанаттары қатты қанаттарынан қысқа, тамырында сұр-қызғылт түсті. Артқы ашы қызыл немесе қызғылт түсті.

Жылына бір ұрпақ дамиды. Имаголардың жаппай пайда болуы маусым айының соңында байқалады. Саны аз болғанда ересек даралар бөлек тіршілік етеді, бірақ саны айтарлықтай өскен кезде топтасып тіршілік ету тәсіліне көшеді. Тобы әуеге көтеріліп, ұшып, үлкен қашықтықтарды жеңе алады.

Олар жыныстық жетілуін шілденің соңында жетіп, тамыз айында жұптасып, жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқа салу кезінде аналық көбікті зат бөліп шығарады, ол 30-45 жұмыртқасы бар көпіршік – кубышканы құрайды, онда олар қысты басып өтеді.

2026 жылы Қарабалық ауданында топтасып көшетін шегірткелер бойынша мониторингтік тексерулер 120 000 га аумақта жоспарланған, оның ішінде көктемгі-жазғы тексеру – 60 000 га, жазғы тексеру – 60 000 га.

Шегірткелерге қарсы өңдеудің әртүрлі әдістері қолданылады: үздіксіз – зиянкестер қоныстанған барлық аумақ өңделеді; тосқауылдық - шегірткелердің қозғалыс бағыты бойынша белгілі бір жолақтар өңделіп, тосқауылдар арасындағы кеңістік өңделмей қалдырылады; жергілікті - тек дернәсілдердің шоғырлану ошақтары (кулигалар) өңделеді; шеткі - егістік алқаптарының айналасында жүргізіледі. Химиялық препараттармен (инсектицидтермен) себу шегірткелерге қарсы күрестің негізгі әдісі болып табылады.

Топтасып көшетін шегірткелер санының азаюына байланысты, республикалық бюджет қаражаты есебінен осы өте қауіпті зиянкестерге қарсы күрес жүргізуге бағытталған химиялық өңдеулер 2026 жылға жоспарланбаған.