Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың басталуы туралы хабарландыру

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, қызметтің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында 2026 жылғы 18 мамыр мен 18 маусым аралығында Қарабалық ауданының мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау тұрақты (жыл сайынғы) негізде жүзеге асырылады және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Аталған талдауды қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, тікелей мемлекеттік мекемелер жүргізеді.

     Талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауды және бағалауды, оның ішінде тиісті қызмет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ ұйымдастырушылық және басқару процестерінде, соның ішінде:

персоналды басқару;

мемлекеттік қызметтер көрсету;

қаржы-шаруашылық қызмет;

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

мемлекеттік мекемелер қызметінің өзге де бағыттары.

Талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және мемлекеттік мекемелердің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.

Жеке және заңды тұлғалар Қарабалық ауданының мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң болуы туралы ұсыныстары мен ескертулерiн мына электрондық мекенжайға жолдауға құқылы: karabalyk@kostanay.gov.kz