
23 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Жұпар жүрек» фильмінің кино көрсетілімі өтті.
Іс-шара жастарды отандық кинематографиямен таныстыру және ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Фильм көрсетіліміне М. Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушылары шақырылды.