
10 сәуір күні АМҮ-де М. Горький атындағы ЖББМ-нің 7-сынып оқушылары қатысқан «Дені сау болған- керемет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Дөңгелек үстел барысында денсаулықты сақтаудың, сондай-ақ иммундық аурулардың алдын алудың маңызды мәселелері қозғалды.
Тікелей тілдесуге ерекше мән берілді: Жастар талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын білдіріп, білімдерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстел ойын форматында өтіп, еркін орта қалыптастыруға және талқылауды оқушылар үшін қолжетімді әрі қызықты етуге мүмкіндік берді.