
2026 жылғы 21 наурыз күні кешкі уақытта Қарабалық кентінің орталық алаңында жарқын концерттік-би бағдарламасы өтті. Іс-шараға Қарабалық аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен солистері «1465» этнотобы, Астана қаласынан келген ән авторы әрі музыкант Тоғжан Мұратова, сондай-ақ «Super Star KZ» реалити-шоуының екінші маусымының жеңімпазы ҚайратТүнтеков қатысты.
Бағдарламада фольклорлық аспаптық және вокалдық шығармалар, сондай-ақ заманауи қазақстандық композиторлардың әндері орындалды.
Мерекелік кештің шарықтау шегі әсерлі от шашумен аяқталып, көрермендерді тәнті етіп, зор қошемет пен қуанышты көңіл күй сыйлады.