Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құттыболсын!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құттыболсын!

21 наурызкүні, Наурыз мерекесінің алғашқы күнінде Орталық алаңда «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құттыболсын!»  атты аудандық мереке өтті.

Мереке сюжеті биімен ашылып, әрі қарай театрландырылған қойылыммен жалғасты. Оған аудан жастары, ардагерлер, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, колледж студенттері, аудандық мәдениет үйінің би ұжымдары, аудандық кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ Қарабалық балалар өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздарықатысты. Барлығы — 180 адам.

Аудан тұрғындарын Қыдыр ата қарсы алды. Қарабалық ауданының әкімі Халықов Р.Б. жиналған жұртты жылы лебізбен құттықтап, әр отбасыға амандық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.

Орталық сахнада үлкен мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Мереке ұйымшыл әрі кең дастарқаны мен ерекшеленді. Алаңға жиналған барлық тұрғындар қазаннан жаңа піскен палау мен бауырсақтан дәм татты.

Спорттық-сауықтыру бағдарламалары көңілді әрі жоғары деңгейде өтті.