«Рух сардары» атты аймақтық ақындар айтысы

«Рух сардары» атты аймақтық ақындар айтысы

Қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері - Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына арналған «Рух сардары» атты аймақтық ақындар айтысында Қарабалық ауданының жас ақыны Шыңғыс Төлепберген өз бағын сынап қайтты. Арқалық қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін айтыс 2026 жылдың 20 наурызында қалалық мәдениет сарайында өтті. Бұл айтыстың деңгейі өзге айтыстан жоғары болғандығының бір себебі, айтыстан бұрын алдын ала іріктеу кезеңі болды. Іріктеуге жалпы 17 ақын қатысып, соның 12 ақыны келесі айтысқа жолдама алды. Соның ішінде біздің жас ақынымыз іріктеу кезеңінен жақсы көзге түсіп келесі айтыс кезеңіне өтті. Бұл айтыста облысымызың түкпір-түкпірінен мен-мен деген ақындар бақ сынады және Астана қаласынанда екі ақынымыз келді. Бірақ бақ шабама әлде бап шабама дегендей айтыстың 2ші күнінде Шыңғыс сөзден мүдірмей айтып шыққанымен жүлделі орын биігінен көріне алмады.  

Жеңіс тұғырынан көріне алмаған жерлесімізге әлі алар асуың алда деп сенім білдіреміз. Сенің қатысқаныңның өзі біз үшін жеңіспен тең. Алдағы өнер жолыңа сәттілік!