Шаңырақ күнінде Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері жылы шырайлы іс-шара – «Наурыз – бастауы жаңғырған дәстүр» атты ерлі-зайыптыларды құрметтеу кешін өткізді.
Шаңырақ – үйдің, бірліктің және ұрпақтар сабақтастығының символы. Ол отбасылық ошақтың жылуын сақтайды және мәңгілік құндылықтарды: құрмет, адалдық және махаббатты бейнелейді.
Іс-шараға М.Горький атында5ы ЖББМ және А.Құнанбаев атындағы ЖББМ оқушылары, сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. 40 жылдан астам уақыт бойы некеде тұрған Байтыковтар мен Нуржановтар отбасы кештің құрметті қонақтары болды.
Ерлі-зайыптылар өз өмірлерінің хикаяларын, танысу сәттерін, отбасылық салт-дәстүрлерін және ұзақ та бақытты некенің сырларын ыстық ықыласпен баяндады. Олардың шын жүректен айтқан ақыл-кеңестері жастарға зор бағдар болып, мықты отбасының өзара түсіністікке, төзімділікке және бір-біріне деген күнделікті қамқорлыққа құрылатынын ұғындырды.
Мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлаған – махаббат, үйлесім және үйдің жайлылығы туралы музыкалық нөмірлер болды.
Іс-шара отбасылық жұптарға алғыс айтумен және жақсы тілектер білдірумен аяқталды. Осындай басқосулар ұрпақтарды тоғыстырып, озық дәстүрлерді жалғастырады әрі бір шаңырақ астында мықты да бақытты отбасын құруға жігер береді.