Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары!!!

Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары!!!

2026 жылдың 19 наурызында сағат 11:00-13:00 аралығында Қарабалық кенті,  Космонавтов көшесі, 33 мекенжайы бойынша орналасқан аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (2 қабат) «Құқықтық киіз үй» атты жалпыоблыстық іс-шара өтеді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.

Қабылдауды жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының және басқа да мүдделі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жүзеге асыратын болады!