Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы

Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы

«Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының 13-бабына, 14-5-бабының 3-тармағына және «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсынуға міндетті:      

ФУ-1. Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;  

 

ФУ-2. Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;        

 

ФУ-3. Пестицидтерді сақтау туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;

 

ФУ-4. Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: химиялық өңдеулерді жүргізудің нақты мекенжайы бойынша ай сайын ААИ-ға, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 5-күніне дейін;

 

ФУ-5. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 5 қаңтарға дейін тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын нақты залалсыздандыру орны бойынша.

 

Есептіліктерді «ҚР АШМ АӨК МИК Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» ММ Қарабалық кенті, Мира көшесі-5, жұмыс тел. 8(71441)   3-35-41, ұялы тел. 87058746702, Электрондық мекенжайы: karabalyk_p-rtu@minagri.gov.kz бойынша ұсыну қажет.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 403-бабының 1-тармағына сәйкес, фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

«КР АШМ АӨК МИК Қарабалық

ААИ» ММ бас маман - өсімдіктерді қорғау

және карантині жөніндегі

мемлекеттік инспекторы                                                      Е.Л. Егорова