«Жизнь продолжается» қайырымдылық концерті

«Жизнь продолжается» қайырымдылық концерті

2026 жылдың 16 наурызында аудандық мәдениет үйінде Елена Башинаның созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін емдеуге қаражат жинауға бағытталған «Жизнь продолжается» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.

Іс-шара жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің екінші күні – Қайырымдылық күніне арналған. Аталған күн мейірім мен жанашырлықты насихаттауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және қоғамда игі істер мәдениетін нығайтуға көзделген. Концерт бей-жай қарамайтын тұрғындарды, шығармашылық ұжымдарды және өмірлік қиын жағдайға тап болғандарды қолдауға дайын барлық адамдарды біріктірді.

Осы кеште сахна ең шынайы эмоциялардың мекеніне айналды. Ең бастысы-бірлік пен көмектесуге деген шынайы ниет атмосферасы орнады. Әрбір үлес сауығып кету жолындағы маңызды қадам болды. Өмір жалғасуда-сол өмірдің салауатты, жарқын  дамуын бәріміз бірігіп, жүзеге арыра аламыз.