
10 наурыз күні Қарабалық аудандық мәдениет үйінде «Есірткі туралы шындық: мифтер мен шындық» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті. Қарабалық аудандық орталық ауруханасының СӨС кабинетінің дәрігері Ирмухаметова А.Б. қатысушыларға есірткі заттарын қолданудың зияны мен салдары туралы айтып, есірткіге қатысты кең таралған мифтерді түсіндірді. Сонымен қатар жастар арасында алдын алу жұмыстарының маңыздылығы мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі атап өтілді. Іс-шара «Игроманка» фильмінің көрсетілімімен жалғасты. Фильм адам өміріне тәуелділіктің әсері туралы ой салды.
Осындай кездесулер халықтың ақпараттануын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етеді.