
Ағымдағы жылғы 27 ақпанда тілдерді оқыту орталығында ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасын насихаттауға арналған дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы өтті. Іс - шара жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын ояту, ақын өлеңдері мен қара сөздерін терең меңгеруге баулу, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.Сайысбірнешекезеңбойыншаұйымдастырылды. Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен үзінділер келтірді, сондай-ақ Абай шығармаларына жазылған әндерді орындады.
Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен оқушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталды.