
2026 жылғы 23 ақпанда Қарабалық аудандық мәдениет үйінде XIX жастар арасындағы «Алтын микрофон» вокалдық байқауы өтті. Бір ай бойы онлайн іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.
Байқауға Станционный, Тоғызақ, Святослав, Смирнов, Белоглин, Михайлов және Боскөл ауылдық мәдениет үйлерінен, Надеждин және Сарыкөл ауылдық клубтарынан, Қарабалық кентінің жалпы білім беретін мектептерінен, сондай-ақ Балалар өнер мектебінен 23 вокалист қатысуға жолдама алды.
Қатысушылар үш жас ерекшелік тобы бойынша сынға түсті. Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен марапатталды. Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарының Алғыс хаттарымен қатысушылардың оқытушылары мен көркемдік жетекшілері марапатталды.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Бірінші жас ерекшелік тобы:
І орын — Рысбек Мади
ІІ орын — Аралкина Александра
ІІІ орын — Приходько Кира, Кравцова Дарья
Екінші жас ерекшелік тобы:
І орын — Жакаева Томирис
ІІ орын — Бисембаева Амина
ІІІ орын — Бекболат Адия
Үшінші жас ерекшелік тобы:
І орын — Казанбасова Асем
ІІ орын — Шкаровская Виктория
ІІІ орын — Алиева Севинч
Байқау жеңімпаздары Қостанай қаласында өтетін «Алтын микрофон» халықаралық вокалдық байқауының өңірлік және облыстық іріктеу кезеңдеріне қатысуға жолдама алды.
Барлық қатысушыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт, жарқын жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз. Әр сахнаға шыққан сайын қуанышпен сенім артып, көрермендердің ыстық ықыласына бөлене беріңіздер.