
17 ақпанда аудандық мәдениет үйіннің қабырғасында «Зимний игроград» атты балалар іс-шарасы өтті. Мерекеге М.Горький атындағы ЖББМ 4 сынып оқушылары қатысты.
Балалар ептілік, тапқырлық пен командалық рухын көрсете алатын, қысқы тақырыптағы ойындар мен байқауларды күтті. Балалар барлық ойын сынақтарына зор ынтамен қатысып, бір-бірін қолдап, өз командаларының жетістіктеріне шын жүректен қуанды. «Смешарики» би ұжымының өнері мерекенің сәніне айналды. Балалар караокесі де бағдарламаның есте қаларлық бөлігі болып қалды. Балалар АМҮ солисті Светлана Сайпеновамен бірге өздерінің сүйікті әндерін қуана орындады. Бірлескен ән шырқаулары барлық қатысушыларды біріктіріп, күні бойына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.