
Ұнды фортификациялау – теміртапшылық анемиясын алдын алудың тиімді және қолжетімді шарасы
Қазіргі денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі – теміртапшылық анемиясы. Әртүрлі басылымдардың деректері бойынша, әлемде 3 миллиардтан астам адам анемиямен ауырады.
Тыныс алу процесі кез келген организм үшін өмірлік маңызды. Қанда оттегі тасымалдайтын жалғыз зат – гемоглобин. Толыққанды гемоглобин түзілуі үшін тамақпен ағзаға түсетін темір қажет. Темір жетіспегенде гемоглобин деңгейі төмендейді, демек, организм жасушаларына аз оттегі жетеді, теміртапшылық анемиясы (ТТА) дамиды.
Теміртапшылық анемиясы ДДҰ сарапшыларының айтуынша, аналық, нәрестелік және жалпы өлім-жітімнің жоғары деңгейінің жетекші тәуекел факторларының бірі, сондай-ақ аурулардың жаһандық ауыртпалығының тәуекел себептерінің алғашқы ондығында.
Теміртапшылық анемиясының белгілерін атап өтейік – жалпы әлсіздік, шамалы дене еңбегінде де тез шаршау, бас ауруы, терінің, еріндердің, шырышты қабықтардың бозарғандығы, тамаққа тәбеттің жоғалуы, дәм сезімінің бұзылуы.
Анемияны алдын алудың үш негізгі әдісі бар: фармакологиялық, ұтымды тамақтану, сондай-ақ негізгі тағам өнімдерін темір қосылыстарымен және витамин кешенімен фортификациялау (байыту).
ТТА-ны алдын алудың ең қарапайым, арзан және қолжетімді әдісі – үшінші тәсіл.
Қазақстан Республикасының заңнамасы тағам өнімдерін фортификациялау тәртібін реттейді. Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің нормасымен Қазақстан Республикасы аумағында сатылатын жоғары және бірінші сорт бидай ұнын темір құрайтын витаминдермен, минералдармен және басқа заттармен міндетті түрде фортификациялау тағайындалған.
Бидай ұны фортификациялау үшін кездейсоқ таңдалмаған. Ұн – витаминдер мен темірдің ең қарапайым, арзан және қолжетімді көзі. Байыту процесі ұнның дәмін, түсін, иісін өзгертпейді, нан пісіру сапасы қалыпты болып қалады. Фортификацияланған ұнды тұтыну қауіпсіз. Ұнды фортификациялау тек бидайды молдау кезіндегі құнды жоғалтуларды толықтырады, сондықтан мұндай ұнды тұтынуға қарсылықтар жоқ.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың теміртапшылық анемиясынан сақтануы үшін темір мен фолий қышқылымен байытылған ұнға және нанға басымдық беріңіз.
Деніңіз сау болсын!