
Ботулизмдің алдын алу
Ботулизм – Clostridium botulinum бактерияларының уы (токсині) бар өнімдерді тұтыну кезінде пайда болатын ас улануы. Бұл у микроб тек анаэробты жағдайда (ауа қол жетімсіз) тығыз жабылған ыдыстарда көбейген кезде түзіледі. Алдын алу шаралары:
-консервілеу алдында көкөністерді ағын сумен мұқият жуу, стерилизация мен консервілеу режимін сақтау;
-ішіндегі заттың иісі мен түсі өзгерген банкаларды тамақта пайдаланбау;
-нарықтардан (қолдан) үй жағдайында дайындалған консервіленген саңырауқұлақтар мен көкөністерді сатып алмау;
-күдікті өнімдердің қалдықтарын зертханалық тексеру үшін сақтау.
Ас улануының белгілері пайда болған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгіну.