
Қазіргі әлемде адам барған сайын дамыған және бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек. Жеке өсудің маңызды құралдарының бірі кітап болып қала береді. Үнемі оқу өз ойларыңызды нақты тұжырымдауға көмектеседі, білім мен қарым-қатынас шеңберін кеңейтеді, адамды қызықты сұхбаттасушы етеді және тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал етеді.
2025 жылдың 20 қазанында «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн-оқу байқауы басталды. Осы жолы да байқауға Тоғызақ ауылында тұратын Качко отбасы белсенді қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша отбасының анасы М.С. Качко III орынға ие болып, дипломмен және 75000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды. Қызы Л.М. Качко II орынға ие болды, дипломмен және 100000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ұлы В.М. Качко дипломмен 25000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.
Байқауға қатысу оқуға деген қызығушылықты дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Кітап оқып, зияткерлік сайыстарға қатыса отырып, әр адам өз қызығушылықтарын дамытуға, ойлауды жетілдіруге және тұлғалық қалыптасуға мүмкіндік алады.
Качко отбасын жоғары нәтижелермен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа табыстар, жаңа жетістіктер, шабыт және кітаппен оқуға деген шынайы махаббат тілейміз.
Аудан тұрғындарын осындай байқауларға белсенді қатысуға, көп кітап оқуға, қабілеттерін дамытуға және жаңа жеңістерге сенімді ұмтылуға шақырамыз.