
Осы жылдың 23 қаңтарында Қарабалық ауданының тілдерді оқыту орталығында Шекара қызметінің қызметкерлері мен зейнеткерлеріне орта деңгейлі B1 қазақ тілі курсының сертификаттарын тапсыру рәсімі өтті.
130 шекарашыға сертификаттар табысталды. Қайрақ автомобиль шекара бөлімі бастығының орынбасары майор Дәулет Ғалымжан Серікұлы өз сөзінде тыңдаушылар алған білімдерін кәсіби қызметінде тиімді қолданатынына сенім білдірді. Шекарашылар атынан ефрейтор Денис Алексеевич Василенко Тілдерді оқыту орталығына іс - шараны ұйымдастырып, өткізгені үшін алғысын білдірді.