«Қызмет алушының бірыңғай күні»

«Қызмет алушының бірыңғай күні»

Бүгін сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Қарабалық ауданы әкімдігінің фронт-офисінде «Қызмет алушының бірыңғай күні» өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, халықты ақпараттандыру және әлеуетті қызмет алушылармен тікелей диалог орнату мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында азаматтар мемлекеттік органдардың мамандарынан өзекті мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Жұмысқа жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, құрылыс, сондай-ақ экономика салаларының өкілдері (көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй кредиттеу мәселелері бойынша) қатысты.

Мамандар мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін, қажетті құжаттар тізбесін, өтініштерді қарау мерзімдерін және бас тарту негіздерін түсіндіріп, келушілердің жеке сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ цифрлық мемлекеттік платформалар арқылы электрондық форматта қызмет алу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

«Қызмет алушының бірыңғай күні» өткізу азаматтарға уақыт үнемдеуге, білікті көмек алуға және мемлекеттік қызметтер саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайтуға және қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсартуға ықпал етеді.