
5 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде жеке әншілердің қатысуымен «Әндетіп гүлден бер, менің Қазақстаным» атты патриоттық әндер байқауы өтті.
Сайыс екі жас ерекшелігі бойынша өтті.Бірінші жас ерекшелігі өнерпаздар арасында Надеждинка ауылынан келген Ульяна Шперлинг 3-орынға ие болды. 2-орын М.Горький атындағы №1 мектептің оқушысы Әсем Қазанбасоваға бұйырса, 1-орын Станционное ауылының оқушысы Томирис Жақаеваға жеңімпаз атанды.
Екінші жас ерекшелігінде Боскөл ауылынан келген Ольга Зуева 3-орын алды. 2-орынды Надеждинка ауылының тұрғыны Виктория Соколовская иеленсе ал1-орынды Нучное ауылынан келген Бақыткүл Аманова иеленді.
Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен, алжетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.