«Ұлт мақтанышы – Міржақып Дулатұлы»

«Ұлт мақтанышы – Міржақып Дулатұлы»

Ұлы ақын және ағартушы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай Аудандық мәдениет Үйінің екінші қабатының фойесінде Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері дайындаған «Ұлт мақтанышы–Міржақып Дулатұлы» атты жарқын интерактивті викторина өтті.

Зияткерлік сайысқа «Алаш» және «Жас Ұрпақ» командалары қатысты. Қатысушылар М. Дулатұлының өмірі, шығармашылығымен мұрасы туралы білімдерін тексеретін төрт тақырыптық турдан өтуі керек еді. Жарыс қызу және қызықты өтті, барлық кезеңдерден кейін Алаш командасы аз ғана айырмашылықпен жеңіске жетті.

Іс-шара сертификаттар мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырумен аяқталды. Викторинаға «Ғашура Ана» мешіті демеушілік етіп, қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын ұйымдастыруға қолдау көрсетті.

Көрермендерге жарқын қойылымдар мен эмоциялар сыйлаған домбырадағы күйлер мен би ұжымының билері мерекелік көңіл-күйді толықтырды.

Іс-шара М. Дулатұлының шығармашылығын дәріптеуге, қатысушыларды тарихқа, мәдениетке және ұлттық мұраға құрметпен қарауға қосқан елеулі үлесболды.