«Тіл - халықтың жүрегі»

«Тіл - халықтың жүрегі»

«Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ жоспарына сәйкес «Тіл - халықтың жүрегі» атты өзге этнос жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Оның мақсаты: Қазақстан жерінде тұратын халықтарының тілдеріне құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу. Жастардың  ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауызекісөйлеуге баулу.

Дөңгелек үстел форматында өткен бұл іс - шараның қатысушылары «Қайрақ авто» шекара бақылау  бөлімінің қатардағы жауынгері Рыжик Никита Андреевич, Қарабалық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға тергеушісі азаматтық қорғау аға лейтенанты Макеев Максим Сергеевич, «Максим» фирмасының сатушысы Гильманова Фаризат Александровна.

Шақырылған қонақтардығ арасында аға буын өкілдері - аудандық ардагерлер ұйымының төрайымы Кабулова Сания Султанбековна мен ұйымның белсенді мүшесі Гавриленко Раиса Васильевна қатысты.

Қатысушылар өздерінің өмірбаянын, тілге деген құлшынысы қашан, қандай жағдайда оянғанын баяндап,  өздері үшін тіл білгеннің қаншалықты қажет екенін  айтып өтті.

Іс – шара соңында қатысушыларға аудан әкімі орынбасарының алғыс хаты табысталды.