
29 қазан күні Қарабалық аудандық мәдениет үйінің шығармашылық қызметкерлері мен көркемөнерпаздары облыстық KPI бағдарламасы аясында, А.Құнанбайұлының 180 жылдығына және М. Дулатовтың 140 жылдығына орай Михайлов және Боскөл ауылына концерттік бағдарламамен іссапармен барды.
Сахнада халық және заманауи әндер шырқалып, би және аспаптық туындылар орындалды.
Ауыл тұрғындары өнерпаздарды жылы шыраймен қарсы алып, әрбір номірге зор ықыласпен, ду қол шапалақпен қолдау көрсетіп отырды.