
2025 жылғы 24 қазан күні Қарабалық аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты мереке өтті.
Іс-шараны «Ақсауыт» күйінің орындауымен «Асыл мұра» қазақ халық аспаптар ансамблі ашты. Жүргізушілер көрермендерді жылы шыраймен қарсы алды. ҚР Гимні қосылды. Көрермендерге құттықтау сөзімен Қарабалық ауданының әкімі Халықов Руслан Болатұлы сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасы күніне орай марапатталғандарға алғыс хаттар мен грамоталарды табыс етті. Концерттік бағдарламаға Қарабалық АМҮ-нің «Шабыт» қазақ халық аспаптарының этно ансамблі және солистеріС.Байсенгиров, Қ. Әли, Қостанай облыстық филармониясының«Костанайские зори» би ұжымы және «Славяночка» вокалдық тобы қатысты,сонымен қатар Қостанай облысының еңбек сіңірген солисі Арыстан Құрманов.