
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында 2025 жылғы 25 қазанда Қарабалық кентінің орталық алаңында мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Республикасының әнұранын орындау бойынша акция өтті. Акцияны салтанатты түрде Елдос Шөменов және Жұмакүл Әбдікәрімова жүргізушілері ашты. Іс-шара мемлекеттік тудың көтерілуімен және әнұранның орындалуыман басталады. Аудан әкімінің орынбасары Ә. А. Сиитова жиналғандарға қошеметін білдіріп, Қазақстан Республикасының тұңғыш рет алатын азаматтарына жеке куәліктер мен алғыс хаттар табыс етті. Акция концерттік бағдарламамен аяқталды.