Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы еліміздің Егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуда.  Елдігімізді нығайтатын, ынтымағымызды арттыратын Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өту халық тарапынан кең қолдауға ие болды. Бұл мереке сан ғасырлық тарихы бар мемлекетіміздің егемендігін ерекшелейтін айрықша мәнге ие.

Біз мызғымас құндылықтар төңірегінде бірігіп, ырысты ынтымақтың арқасында оң өзгерістерге куә болудамыз. Мемлекет көлемінде болып жатқан жағымды жаңалықтар мен игі істер біздің ауданымызда да жүйелі түрде жалғасуда. Жыл сайын аудан көркі жақсарып, халықтың өмір сүру деңгейінің артуына нақты қадамдар жасалып жатқандығы белгілі. Бұның бәрі - мемлекет саясатының бағыты, егемен елдің ертеңі үшін жасалып жатқан еңселі еңбек. Ауданымыздың көркеюі бағытындағы игі бастамалар береке-бірліктің арқасында атқарылады деген сенімдемін.

Құрметті жерлестер! Мән-маңызы ерекше ұлттық мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін! Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

  

Қарабалық ауданының әкімі                              Р.Халықов