Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қарабалық орталық аудандық кітапханасында «Біздің күшіміз - бірлікте» атты пікірталас алаңы өтті. Кездесуге Қарабалық ауылындағы мектептердің оқушылары жиналып, ұлтаралық келісімнің маңыздылығын қызу талқылап, жеке пікірлерімен бөлісіп, жастардың қоғамдағы достық пен бірлікті нығайтуға қалай үлес қоса алатыны туралы ой қозғады.
Жылы және достық атмосфера ашық диалог пен белсенді пікір алмасуға ықпал етті. Қазақстандағы түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы басылымдар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы әдебиеттер қойылған кітап көрмесі іс-шараның сәнін кіргізді.
Пікірталассоңында ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды, бұл кездесудің жағымды және ынталандырушы нәтижесі болды.