Қарабалық ауданында «Отан отбасынан басталады» жобасы жүзеге асырылды
Қарабалық ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2025 жылдың маусымынан тамызына дейін отбасы институтын нығайтуға және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдауға бағытталған іс-шаралар циклі өткізілді.
Жобаның негізгі бөлігі – аудан тұрғындарына арналған тегін онлайн кеңестер болды. Жаз айларында отбасылық психологпен 22 кеңес және заңгермен 4 кеңес өткізілді. Азаматтар отбасылық қатынастар, психоэмоционалдық жағдай және құқықтық қолдау мәселелері бойынша көмек алды.
Осындай бастамалар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, қоғамдағы әлеуметтік бірлікті арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Отан отбасынан басталады» жобасы өңірдегі отбасыларды қолдауға және әлеуметтік мәселелердің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.