2025 жылдың 29 тамызында Қарабалық аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң – келешектің кепілі» атты салтанатты шара өтті. Шараны жүргізушілер ашып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.Сөз кезегі Қарабалық ауданының әкімі Р.Б.Халықовқа берілді, ол Қарабалық тұрғындарын мерекемен шын жүректен құттықтап, Қазақстан Республикасы Конституциясының мерейтойына орай марапаттарды табыс етті. Мерекелік концерттік бағдарламаны «Бүркіт» би композициясын орындаған «Ручеек» хореографиялық тобы (режиссер Юлия Пинженина) ашты.Фестиваль бағдарламасы аясында сахна төрінде Қарабалық аудандық мәдениет үйінің үздік шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары өнер көрсетті. Фестиваль соңында «Өмір» және «Назым» вокалдық топтары «Отандастар» әнін орындады.