Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы «Абайға арнау...» атты өлкетану кешін өткізді. Іс-шара қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы және композиторы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Іс-шараға «Абай - ұлы ақын» кітап көрмесі дайындалды, онда Абай Құнанбаевтың шығармалары, оның өмірі мен шығармашылығы туралы басылымдар, сондай-ақ ұлы ағартушыға арналған қазіргі заманғы жерлес ақындардың өлеңдер жинақтары ұсынылды.
Кеш барысында қатысушылар Абайдың өмірімен және шығармашылығымен танысты, Абайдың «Өлен - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін жас ақын Демес Мәдинаның, сондай-ақ дарынды жас ақын Гүлдана Ержанованың «Абайға арнау» өлеңін оқулары ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара ұлы Абайдың шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, талантты ақын - жерлестеріміздің поэзиясына деген қызығушылықты оятты.