15 тамызда Қарабалық аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі күніне арналған мереке өтті. Мереке ашылғанға дейін LED-экранда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің күнделікті өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Мереке бағдарламасында Қарабалық аудандық мәслихатының хатшысы Г. С. Балбаева Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлерін мерекемен құттықтап, марапатталғандарға Қарабалық ауданы әкімінің грамоталарын табыс етті. Содан кейін барлық қатысушы шекарашылар мен олардың отбасы мүшелерін «Қайрақ» шекаралық бақылау (автомобиль) бөлімі бастығының орынбасары, Шекара қызметінің майоры Г.С. Дәулет құттықтап, майор Е. Т.Ожармен бірге Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті бастығының грамоталарын табыс етті. Концерттік бағдарламада аспаптық композициялар, шекарашылар, Қазақстан туралы әндер, АМҮ солистері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі қызметшілерінің орындауындағы лирикалық әндер орындалды. Сондай-ақ, «Созвездие» би ұжымының орындауындағы хореографиялық композициялар және кенологтың итімен көрсеткен қойылымдары назарға салынды.