«ЛитБокс»

«ЛитБокс»

  23 шілде күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасында тікелей эфирде «ЛитБокс» ойыны өтті. Шарт бойынша ойын 14-18 шілде аралығында ұйымдастырылды. Аталған шараға кітапханаға жазылған оқырмандар, белсенді және тұрақты келушілер қатысты.

Өткізілген ойын барысында әрбір оқырманның нөмірі арнайы жәшікке тасталып, кейін тікелей эфирде жеңімпаз таңдалды. Құпия ЛитБокс-тың бақытты иесі  шара  кезінде кітапханаға жазылған Нұржанова Адель болды.

Бұл іс-шара кітапханаға жаңа келушілерді таныстыруға, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға және шын мәнінде жылы, мерекелік атмосфераны құруға тамаша мүмкіндік болды.