«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

24 шілде күні тілдер оқыту орталығында Қарабалық ауданының шекара қызметкерлерімен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі мен қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселелері бойынша мазмұнды пікір таластар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Іс-шара қызықты ойындар мен викториналық сұрақтармен жалғасын тапты.  Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, оны құрметтеуге және шекара қызметінде мемлекеттік тілдің қолданысын нығайту болды.