Спартакиаданың салтанатты жабылуы

Спартакиаданың салтанатты жабылуы

2025 жылғы 20 шілдеде «Тоғызақ арена» дене шынықтыру –сауықтыру кешенінің стадионында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Республикалық Спартакиадасының салтанатты жабылуы және ұйымдастырушыларды, сондай-ақ спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бағдарламаны Қарабалық аудандық мәдениет үйінің жүргізушілері Қаныбек Әли мен Екатерина Афанасьева жүргізді. Концерттік бағдарламаға АМҮ солистері мен вокалдық ұжымдары қатысты. Іс-шара Қарабалық ауданы ҚР ҰҚК ШҚ комендатурасының әскери қызметшілері орындаған «Біз шекарада» әнімен өз мәресіне жетті.