«Отан отбасынан басталады» шараларын жүзеге асыру аясында Қарабалық кентінің орталық алаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезең жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Анатолий және Елена Альшевский, Дамир мен Айгерим Ахметовтар отбасы ІІІ орынды(30 000 теңге), Асқарбек пен Гүлжан Нурмагазумовтар және Сатжан мен Татьяна Сейткереевтер отбасы ІІ орынды (40 000 теңге), Кемелбек пен Жанар Битеновтер отбасы І орынды иеленсе (50 000 теңге), Бас жүлде Қайрат пен Екатерина Сагумбаевтар отбасына (80 000 теңге) бұйырды. Барлық отбасылар жақсы жағынан танылып, әділ-қазылар алқасының оң бағасын алды.