«Сіздердің міндеттеріңіз-халыққа қызмет көрсету!»

«Сіздердің міндеттеріңіз-халыққа қызмет көрсету!»

Осындай ұранмен 2025 жылғы 23 маусымда Қарабалық аудандық мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік қызметкерлері күніне және ҚР Ішкі істер министрлігінің полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты мереке өтті. Аудандық мәдениет үйінің залында жиналған ҚР мемлекеттік қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Т.Е. Ахметов шын жүректен жылы лебізімен құттықтап, мереке құрметіне марапатталғандарға грамоталар табыс етті. Мерекелік концерттік бағдарлама мереке тақырыбына арналған бейнероликтің LED-экранында көрсетуімен ашылды. Концерттік бағдарламада әндер шырқалып, аспаптық композициялар мен би нөмірлері орындалды. Іс-шара «Мәңгілік ел» әнімен тәмамдалды.