«#ОқыЖәнеЖең» конкурсына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар

«#ОқыЖәнеЖең» конкурсына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар

«#ОқыЖәнеЖең» ІІІ облыстық онлайн байқауын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаныүшін Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Н.К.Оспанова мен Д.Е.Ергаринаға Қостанай облысының әкімі атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Алғыс хаттар кітапхана қызметкерлерінің мәдени-ағартушылық қызметті дамытуға және халық арасында оқуды дәріптеуге қосқан елеулі үлестері үшін алған марапаттары.

Әріптестерімізге еңбекте табыс тілеп, шын жүректен құттықтаймыз!