«М.Дулатовтың 140 жылдығына арналған әдістемелік құралдар байқауының қорытындысы»

«М.Дулатовтың 140 жылдығына арналған әдістемелік құралдар байқауының қорытындысы»

2025 жылдың көктемінде Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай облысының кітапханалары арасында «Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған үздік әдістемелік құрал» кәсіби байқауын өткізетіні туралы жариялады. Байқауға Қарабалық аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары белсене қатысты.

Байқаудың мақсаты - М.Дулатовтың шығармашылығын дәріптеу, кітапханашылардың кәсібилігін арттыру және әдістемелік құралдарды жасау және ұсыну арқылы кітапханалардың әдістемелік жұмысынын таландыру.

Облыстық кәсіби байқауға белсенді қатысқаны үшін кітапханашылар С.С.Магамбетова, Д.Е.Ергарина, А.И.Шестакова, Н.К.Оспанова Л.Н.Толстой атындағы Қостанай ОУНБ басшысы С. Безубековадан сертификаттар алды.

Кітапханашыларымызды әдістемелік жұмысты дамытуға және мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз! Жаңа шығармашылық табыстар, шабыт және кәсіби жетістіктер тілеп құттықтаймыз!