«Әке – асқар тау» әкелер фестивалі өтті!

«Әке – асқар тау» әкелер фестивалі өтті!

13 маусым күні Қарабалық ауданында әклкер күніне арналған «Әке- асқар тау» атты аудандық фестиваль өтті. Фестивальді «Sanaly urpaq – 2050» қоғамдық қоры мен Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды. Фестивальді өткізуге Қарабалық аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушылары қатысты. Жұмакүл Әбдікәрімова мен Ердос Шөменов жүргізген фестивальге Қарабалық ауданының 6 отбасы командасы қатысты.  Қатысушылар зияткерлік, шығармашылық және спорттық жарыстарда бақ сынасты. Нәтижесінде 3 орын және 30,0 м. т. сомаға «Therma park» СОО сертификаты Нұрмағазымов Асқарбек Аймағамбетұлының отбасына берілді.  2-ші орын және «Therma park» СОО сертификаты 40,0 м. т. сомасына Владимир Александрович Казанцевтің отбасына берілді. Ал 1-ші орын және «Therma park» СОО сертификаты 50,0 м. т. сомасына Виталий Юрьевич Теницкийге бұйырды. Сонымен қоса Виталий Юрьевичке «Жыл әкесі» номенациясы берілді.

Содан бөлек, фестивальге қатысқандары үшін «Zodiac cinema» кинотеатрының сертификаттары табысталды. Фестиваль соңында Қарабалық ауданының солистері қатысушылар мен көрермендер үшін бірнеше ән шырқады.