2025 жылғы 13 маусымда Қарабалық аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкері күніне арналған «Алғысымыз шексіз!» атты аудандық мереке өтті. Аудан әкімінің орынбасары Т.Е. Ахметов Қарабалық ауданының медицина қызметкерлерін құттықтап, кәсіби мереке құрметіне марапатталғандарға аудан әкімінің грамоталарын табыс етті. Қарабалық ауданының бас дәрігерінің міндетін атқарушы А. Г. Исекова әріптестерін мерекемен құттықтап, алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті. Концерттік бағдарлама барысында ауданның медицина қызметкерлері мен медицина ардагерлеріне көптеген жылы лебіздер айтылды. Олар үшін аспаптық композициялар, медицина қызметкерлері туралы әндер, би нөмірлері орындалды.