Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – вирусты табиғи-ошақты трансмиссивтік жолмен берілетін аса қауіпті, жоғары контагиоздық жұқпалы ауру.
Негізгі қоздырғышын тасымалдаушы, вирусты сақтаушы – иксодты кенелер және сүт қоректі жануарлар.
Адамға инфекция вирус тасымалдаушы кенелер шаққан, оны денеде сығып өлтірген кезде, я болмаса науқас адамның қаны мен басқа да биологиялық сұйықтықтары теріге және сілемейлі қабықтарға түскен кезде, малды қырыққанда және оларды кенелерден қолмен тазартқан кезде кенелердің ішіндегісінің дененің ашық бөліктеріне түсуі нәтижесінде, науқастарды күткенде және оларға медициналық көмек көрсету кезінде жұғуы мүмкін.
Инкубациялық кезеңі екі аптаға созылады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі белгілеріне жоғарғы дене қызуы, бас және бұлшықеттері ауруы, құсу, диарея, геморрагиялық бөртпе, қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазан-ішекке қан кетулер белгісі тән. Дер кезінде медицналық көмекке жүгінбеген жағдайда науқастың өміріне қауіп төнеді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары Қазақстанның оңтүстік аймақтары Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында орналасқан.
Алдын алу шаралары:
Кене шаққан әрбір адам тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесіне тез арада қаралып, 14 күн ішінде диспансерлік бақылауда болуы қажет. Медициналық бақылау Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен науқастарды ерте анықтау және жұқпаның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Денеге қадалған кенені пинцетпен немесе жіппен алып тастайды. Кенені теріге жақын тұмсығынан ұстап, маятник тәрізді ырғақты қозғалыспен ақырын денеден шығарып алу керек. Мүмкіндігінше қолға қолғап кию арқылы жүргізілуі абзал. Кене шаққан жерді иодпен өңдеп, қолды сабындап жуу қажет. Кенелерді жалаң қолмен алып тастауға және жаншуға болмайды.
Адамдар табиғат аясына барған кезде кене шағудан сақтанудың келесі ережелерін білуі қажет:
Аталған қауіпсіздік ережелерін орындай отырып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырудан сақтануға болатынын ұмытпағаныңыз абзал.