«Ұлы дала үні-домбра»

«Ұлы дала үні-домбра»

Осындай атаумен Қарабалық кентінің орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған акция өтті. Акцияға Серке Қожамқұлов атындағы Қарабалық Балалар өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.  Сондай-ақ бастауыш домбырашылар, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, кент және ауылдық округтер ұйымдарының өкілдері.  Қостанай облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және киновидеофонд орталығының бөлім басшысы Әсел Қалдыбекқызы Тасмағанбетова барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, қазақ халық шығармашылығының дамуына лайықты үлес қосқан домбырашыларға алғыс хаттар табыс етті. Іс-шараны өткізуге «Асыл мұра» қазақ халық аспаптар ансамблі, көркемдік жетекшісі Әли Қ.Р. белсене қатысты.  Іс-шара барысында 7 күй, екі терме орындалды. Іс-шара «Серілер» вокалдық-аспаптық тобы орындаған «Домбыра» әнімен аяқталды.